• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы  №58 

797 рет
көрсетілді

2015 жылғы 29 қаңтар, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіптік стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабы 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1.Мына: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Өнеркәсіптік меншік саласындағы сараптама жөніндегі қызметі» кәсіби стандарты; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру» кәсіби стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті заңнамалық белгіленген тәртіпте осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаментіне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Б.ИМАШЕВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _____________ Т.ДҮЙСЕНОВА 2015 жылғы 29 қаңтар Қазақстан Республикасы Әдилет министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №58 бұйрығының 1-қосымшасы Кәсіби стандарт «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жөніндегі қызмет» 1. Жалпы ережелер 1. «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жөніндегі қызмет» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыру үшін, оның ішінде кәсіпорындардағы персоналды оқыту үшін, білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған. 2. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады: БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы. біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі; біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыретінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы; еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы; кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттерінің ұқсас жиынтығын талап ететін кәсіби кіші топтың жиынтығы; кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білім туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі; сала/ негізгі топ – бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы; салалық біліктілік шеңбері –салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау; ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығы жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы; ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау; 2. Кәсіби стандарттың төлқұжаты 3. Кәсіби стандарттың атауы: Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жөніндегі қызмет. 4. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты: Қызметкерлердің білімдеріне, шеберліктеріне, дағдылары мен жеке құзыреттеріне тиісті талаптарды, еңбек функцияларын жүйелік және құрылымдық жағынан сипаттамасын кәсіп бойынша көрсету. 5. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Өнеркәсіптік меншік объектілердің сараптамасы. 6. Негізгі топ: біліктілігі жоғарғы деңгейлі өзге де мамандар; Кәсіптер сыныптауышы бойынша кәсіби топ: басқа топқа кірмеген кәсіпкерлік қызмет бойынша мамандар (2419). 3. Кәсіп карточкасы 7. Кәсіп тізбесі: өнер кәсіптік меншік саласындағы сараптама жүргізу жөніндегі инженер-сарапшы, Салалық біліктілік шеңбері бойынша 6 - біліктілік деңгейі. Кәсіп тізбесі осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген. «Өнеркәсіптік меншік саласындағы сараптама жөніндегі қызмет» кәсіби стандартқа қосымша КӘСІП КАРТОЧКАСЫ «Өнеркәсіптік меншік саласындағы сараптама жүргізу жөніндегі инженер-сарапшы» Кәсіп коды - Кәсіп атауы өнеркәсіптік меншік саласындағы сараптама жүргізу жөніндегі инженер-сарапшы Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі 6-шы деңгей БА бойынша біліктілік деңгейі - Кәсіби білім деңгейі Жоғары білім (бакалавриат, резидентура, практикалық тәжірибе). Еңбек функциялары 1) Өнеркәсіптік меншіктің объектілеріне сараптама жүргізу 2) ҚР өнеркәсіптік меншік объектілерін Мемлекеттік тізіліміне енгізу 1 еңбек функциясы Өнеркәсіптік меншіктің объектілеріне сараптама жүргізу Шеберлігі мен дағдылары: 1. Алдын ала сараптама жүргізу. 2. Шартты сараптама жүргізу. 3. Толық сараптама жүргізу. 4. Мәні жөнінде сараптама жүргізу. 5. Сараптама қорытындыларын шығару Білімдері: 1. 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы; 2. 1967 жылғы 14 шілдедегі Дүниежүзілік санаткерлік меншігі ұйымымен бекітілген конвенция; 3. 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шарт; 4. Патенттік кооперация туралы шартқа нұсқама; 5. 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патенттік конвенция және ЕПК-ға нұсқама; 6. Патенттік құқық туралы шарт (PLT) және 2000 жылғы 1 маусымдағы Патенттік құқық туралы шартқа нұсқама; 7. 1971 жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патенттік жіктеме туралы Страсбург келісімі; 8. 1977 жылғы 28 сәуірдегі Микроорганизмдерді патенттік рәсім мақсаттары үшін депоненттеуді халықаралық тану туралы Будапешт шарты; 9. 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі; 10. 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімге хаттама; 11. 1957 жылғы 12 маусымдағы Тауарлар мен қызметтерді халықаралық жіктеме туралы Ницца келісімі; 12. 1973 жылғы 12 маусымдағы Таңбаларды бейнелеу элементтерінің халықаралық жіктемесін бекіту туралы Вена келісімі; 13. Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі және осы келісімге 1998 жылғы 1 каңтардағы хаттамасына жалпы нұсқама; 14. Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық жіктемесін белгілеу туралы Локарно келісімі; 15. 1999 жылғы 1 шілдедегі № 410-1 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Негізгі бөлім); 16. Қазақстан Республикасының патенттік заңы; 17. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңы; 18. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР Заңы; 19. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығымен бекітілген Өнертабысқа өтінімді жасау, ресімдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасының өнертабыстарды мемлекеттік тізіліміне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру ережесі; 20. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығымен бекітілген Пайдалы модельдерге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерді мемлекеттік тізіліміне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру ережесі; 21. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 91 бұйрығымен бекітілген Өнеркәсіп үлгісіне өтінімді жасау, ресімдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік үлгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру ережесі; 22. Тауарлық белгілерге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау ережесі, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығы; 23. Селекциялық жетістіктерге патентті беру өтінімін қарастыру және беру ережесі, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығы; 2 еңбек функциясы ҚР өнеркәсіптік меншік объектілерін Мемлекеттік тізіліміне енгізу Шеберлігі мен дағдылары: 1. Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. 2. Ақпараттық технологиялардың құралдарын пайдаланумен алынған нәтижелерді көзбен шолу. 3. ҚР өнеркәсіптік меншік объектілерін Мемлекеттік тізілімінің бағдарламалық-техникалық кешенімен жұмыс үшін қажетті дағдыларғы ие болу. Білімдері: 1. Тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы. 2. Тауар таңбаларына қатысты библиографиялық мәліметтердің сәйкестігіне арналған халықаралық кодтар. 3. Өнеркәсіптік үлгілерге қатысты библиографиялық мәліметтердің сәйкестігіне арналған халықаралық кодтар. 4. Өнертабыстарға және пайдалы модельдерге қатысты библиографиялық мәліметтердің сәйкестігіне арналған халықаралық кодтар. 5. Елдер мен үкіметаралық ұйымдардың атауын ұсыну үшін екіәріпті кодтардың тізбесі (стандарт ВОИС ST.3). 6. Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық сыныптамасы. 7. ҚР өнеркәсіптік меншік объектілерін Мемлекеттік тізілімі; 8. Жарияланатын патенттік құжаттарды нөмірлеу бойынша ұсынымдар (стандарт ВОИС ST.6); 9. Қосымша қорғау куәліктері мен патенттік құжаттарға жататын библиографиялық деректерге қатысты ұсынымдар (SPC) (Стандарт ВОИС ST.9); 10. Жарияланған патенттік құжаттар (Стандарт ВОИС ST.10); 11. Библиографиялық деректердің элементтерін орналастыру (Стандарт ВОИС ST.10/В); Жеке құзыреттерге талаптар Нәтиже және тиімділікке бағдары Салалық біліктілік шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы 2419 Патенттік және өнертабыстық жұмыс жөніндегі инженер; Патенттік сарапшы; Мемлекеттік патенттік сарапшы-стажер. Кәсіби стандарттың техникалық деректері Әзірленді «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы 1 нұсқа, 2014 жыл Болжамды қайта қарастыру күні 2017 жыл Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №58 бұйрығына 2-қосымша Кәсіби стандарт: «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру» 1. Жалпы ережелер 1. «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыру үшін, оның ішінде кәсіпорындардағы персоналды оқыту үшін, білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған. 2. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады: БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы. біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі; біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыретінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы; еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы; кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттерінің ұқсас жиынтығын талап ететін кәсіби кіші топтың жиынтығы; кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білім туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі; сала/ негізгі топ – бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы; салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау; ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығы жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы; ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау; 2. Кәсіби стандарттың төлқұжаты 3. Кәсіби стандарттың атауы: Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру. 4. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты: Қызметкерлердің білімдеріне, шеберліктеріне, дағдылары мен жеке құзыреттеріне тиісті талаптарды, еңбек функцияларын жүйелік және құрылымдық жағынан сипаттамасын кәсіп бойынша көрсету. 5. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Құрылымдар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру. 6. Негізгі топ: жаратылыстық және инженерлік ғылымдар саласындағы мамандар; Кәсіптер сыныптауышы бойынша кәсіби топ: сәулетшілер, инженерлер және тектес кәсіптердің мамандары. 3. Кәсіптер карточкасы 7. Кәсіптер тізбесі: құрылымдар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі технигі, Салалық біліктілік шеңбері бойынша 5 біліктілік деңгейі; құрылымдар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі инженері, Салалық біліктілік шеңбері бойынша 6 біліктілік деңгейі. Кәсіптер тізбесі осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген. «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру» кәсіби стандартқа қосымша КӘСІП КАРТОЧКАСЫ «Құрылымдар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі технигі» Кәсіп коды - Кәсіп атауы: Құрылымдар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі технигі Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі 5 БА бойынша біліктілік деңгейі - Кәсіби білім деңгейі Техникалық және кәсіби білім (немесе орта білімнен кейінгі білім), практикалық тәжірибе немесе жоғары білім, қосымша кәсіби білім бағдарламалары, практикалық тәжірибесіз Еңбек функциялары 1) Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу 2) Ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдам бөліктеріне кадастр нөмірлерін меншіктеу 1 еңбек функциясы Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу Шеберлігі мен дағдылары: 1. Жылжымайтын мүлік нысандарына алғашқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеруді, техникалық куәландыруды жүргізуді білу. 2. Жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжатын жасай білу. 3. Құрылым және құрылыс объектілерін өлшеуді білу. 4. Жоспарда әріптік және цифрлы өзектерін, сонымен қатар жер учаскесіндегі құрылыстар мен құрылғылардың құрамына кіретін элементтерді (учаскелер, қабаттар, үй-жайлар) көрсете отырып, құрылыстар мен құрылғылардың сызбалары және жоспарларын орындау. 5. Құрылыстар мен құрылығылардың орналасуын көрсете отырып жер учаскесінің абрисын жасау, оларды жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық төлқұжатына енгізу. 6. Геометриялық тәсілмен жер учаскесінің түсірмесін жасау. 7. Геодезиялық және өлшеу құралдарының көмегімен түсірме мен сызықтық өлшем жүргізуді білу. 8. Мемлекеттік техникалық тексеру жұыстарының аяқталуы бойынша жылжымайтын мүлік объектісіне тексеру актісін жасай білу. 9. Объектіні алғашқы және кейінгі тексерулерден кейін техникалық төлқұжатын жасай білу Білімдері: 1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңы. 2. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу бойынша ережелері. 3. Белгіленген үлгілі техникалық төлқұжаттың нысандары және оны толтыру тәртібі. 4. «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық төлқұжатын беру» мемлекеттік қызметтер стандарты. 5. «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық төлқұжатының дубликатын беру» мемлекеттік қызметтер стандарты. 6. Жылжымайтын мүлікті алғашқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру бойынша нұсқама. 7. Құрылыс нормалары және ережелері, белгіленген құжаттаманы әзірлеу, жүргізу және сақтау, қолданыстағы стандарттар, техникалық шарттар. 8. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу бойынша нұсқау. 9. Құрылыстар мен құрылғыларды пайдалану ережелері, жер телімдерге, құрылыстар мен құрылғыларға аспаптық түсірме жүргізу әдістері мен ережелері. 10. Жер учаскелерін және құрылыстың қабаттық жоспарын сызу әдістері. 11. Функционалдық тағайындау бойынша ғимараттар мен құрылымдардың сыныптамасы. 12. Техникалық құжаттаманы жасау және ресімдеу бойынша тәртіптер мен нұсқамалар, құрылыстар мен құрылғылардың құнын анықтау әдістері. 2 еңбек функциясы Ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдам бөліктеріне кадастр нөмірлерін меншіктеу Шеберлігі мен дағдылары: 1. Құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті, ғимараттар және құрылғылардың техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын анықтауды білу. 2. Кадастрдық нөмірлерді жасау құрылымын анықтай білу. 3. Жылжымайтын мүліктің объектілерін (алғашқы, қайталама объектілер) техникалық тексеруін бөле білу. 4. Есепке алу парағында жазба жүргізе білу. 5. Жылжымайтын мүлік объектілер деректерінің бірыңғай базасын жүргізе білу. 6. Жылжымайтын мүлік объектісіне уақытша кадастрлық нөмірді меншіктей білу Білімдері: 1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңы. 2. Жылжымайтын мүліктің алғашқы және қайталама объектілеріне кадастрлық нөмірді меншіктеу ережелері. 3. Жылжымайтын мүліктің техникалық инвентаризациялау мен тіркеу, есеп беру мәселелері бойынша әдістемелік, нормативтік және нұсқаулық материалдар. 4. Ғимараттардың, құрылыстардың техникалық, сәйкестендірме сипаттарын анықтау әдісі. 5. Функционалдық тағайындау бойынша ғимараттар мен құрылымдардың сыныптамасы Жеке құзыреттерге талаптар Өздігінен шешімдерді қабылдау қабілеті Өзіне жауапкершілікті алу қабілеті Командада жұмыс жасай білу Нәтижелік және тиімділікке бағдары Салалық біліктілік шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы 3112 Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс жөніндегі технигі КӘСІП КАРТОЧКАСЫ «Құрылымдар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі инженері» Кәсіптер сыныптауышына сәйкес код - Кәсіп атауы: Құрылымдар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі инженері Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі 6 БА бойынша біліктілік деңгейі - Кәсіби білім деңгейі Жоғары білім, әдеттегідей бакалавриат, резидентура, практикалық тәжірибе. Еңбек функциялары: 1) Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу. 2) Құрылымдар мен құрылыстарды бағалау 3) Ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдас бөліктеріне кадастр нөмірлерін меншіктеу. 4) Құрылымдар мен құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктеріне мемлекеттік техникалық тексеру саласында жұмыстарды үйлестіру және бақылау 1 еңбек функциясы Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу Шеберлігі мен дағдылары: 1. Жылжымайтын мүлік нысандарына алғашқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеруді, техникалық куәландыруды жүргізуді білу. 2. Қажетті геодезиялық аспаптарды қолданумен жер учаскесінің (дала жұмыстары) түсірме жүргізе білу. 3. Жер учаскесін түсіруден кейін камералдық жұмыстарды орындау. 4. Геодезиялық және өлшеу аспаптарының көмегімен түсірме мен сызықтық өлшем жүргізе білу немесе дағдысы. 5. Жоспарда әріптік және цифрлы өзектерін, сонымен қатар жер учаскесіндегі құрылыстар мен құрылғылардың құрамына кіретін элементтерді (учаскелер, қабаттар, үй-жайлар) көрсете отырып, құрылыстар мен құрылғылардың сызбалары және жоспарларын орындау. 6. Графикалық материалдарға экспликация және түсіндірме жасай білу. 7. Жылжымайтын мүлік объектісіне тексеру актісін жасай білу. 8. Мемлекеттік техникалық тексеру жұыстарының аяқталуы бойынша жылжымайтын мүлік объектісіне тексеру актісін жасай білу. 9. Құрылымдар мен құрылыстарды техникалық күйі туралы құжаттамаға құқықтық талдау жүргізе білу. 10. Конструктивтік элементтердің техникалық күйін анықтай білу. 11. Объектіні алғашқы және кейінгі тексерулерден кейін техникалық төлқұжатты бақылау және жасау. 12. Жер учаскелеріндегі құрылымдар мен құрылыстар туралы мәліметтерді «Жылжымайтын мүлік тізілімі» деректердің мемлекеттік базасына енгізу. Білімдері: 1. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу бойынша ережелері. 2. Құрылымдар мен құрылыстарды техникалық тексеру бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және техникалық құжаттамалар. 3. Жылжымайтын мүлікті пайдалану, техникалық тексеруді реттейтін нормативтік құжаттар. 4. Құрылымдар мен құрылыстарға сараптама жүргізу кезінде пайдаланатын техникалық құралдарды қолдану ережелері. 5. Жер учаскелері, құрылымдар мен құрылыстардың аспаптық түсірілімін жүргізу әдістері мен ережелері. 6. Құрылымдар мен құрылыстардың құнын анықтау әдістері. 7. Жылжымайтын мүлікке құқығы мен мәміле рәсімдеу тәртібі. 8. Жылжымайтын мүлік объектілеріне алғашқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру бойынша нұсқама. 9. Жер учаскесінің жоспарын сызу бойынша графикалық және камералдық жұмыстардың талаптары. 10. Жер учаскелері, құрылымдар мен құрылыстардың аспаптық түсірілімін орындау әдістері мен ережелері. 11. Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және тексеру саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттаманы білу 2 еңбек функциясы Құрылымдар мен құрылыстарды бағалау Шеберлігі мен дағдылары: 1. Құрылымдар мен құрылыстардың құнына бағалау жүргізу. 2. Құрылымдар мен құрылыстардың техникалық күйіне байланысты жазатайым оқиғалар мен авариялардың себебін анықтай білу. 3. Инициативті және міндетті бағалау жүргізу дағдысы Білімдері: 1. Жылжымайтын мүлікті сақтандыру және салық салу тәртібі. 2. Құрылыс жұмыстарының технологиясы мен техникалық тексеруді ұйымдастыру саласындағы қызметті реттейтін заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілер, құрылымдар мен құрылыстарды пайдалану ережелері 3 еңбек функциясы Ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдас бөліктеріне кадастр нөмірлерін меншіктеу Шеберлігі мен дағдылары: 1. Құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті, ғимараттар және құрылғылардың техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын анықтауды білу. 2. Кадастрдық нөмірлерді жасау құрылымын анықтай білу. 3. Жылжымайтын мүліктің объектілерін (алғашқы, қайталама объектілер) техникалық тексеруін бөле білу. 4. Есепке алу парағында жазба жүргізе білу. 5. Жылжымайтын мүлік объектілер деректерінің бірыңғай базасын жүргізе білу. 6. Жылжымайтын мүлік объектісіне уақытша кадастрлық нөмірді меншіктей білу. Білімдері: 1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңы. 2. Жылжымайтын мүліктің алғашқы және қайталама объектілеріне кадастрлық нөмірді меншіктеу ережелері. 3.Жылжымайтын мүліктің техникалық инвентаризациялау мен тіркеу, есеп беру мәселелері бойынша әдістемелік, нормативтік және нұсқаулық материалдар. 4. Ғимараттардың, құрылыстардың техникалық, сәйкестендірме сипаттарын анықтау әдісі. 5. Функционалдық тағайындау бойынша ғимараттар мен құрылымдардың сыныптамасы. 4 еңбек функциясы Құрылымдар мен құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктеріне мемлекеттік техникалық тексеру саласында жұмыстарды үйлестіру және бақылау Шеберлігі мен дағдылары: 1. Кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін бақылау. 2. Құрылымдар мен құрылыстардың техникалық күйі мен құрамын көрсететін құжаттаманы әзірлеу. 3. Техникалық құжаттаманы жүргізуге бақылауды жүзеге асыра білу. 4. Құрылымдар мен құрылыстарды техникалық түгендеу мен тіркеу мәселелері бойынша заң және жеке тұлғаларға консультация беру. 5. Заң құжаттарымен құқықтық талдау жасау. 6. Архитектура органдарына рұқсатсыз салынған объектілер туралы хабарлама, қорытындылар дайындай білу. 7.Жазбаша шағымдарды бақылау. 8. Құқықтық кадастрға деректерді енгізуді бақылау. 9. Жылжымайтын мүліктің құқықтық кадастрына деректерді жүргізе білу. 10. Клиенттермен тапсырыс бойынша қызметтерді орындау мерзімін сақтау дағдысы. Білімдері: 1. Құрылымдар мен құрылыстардың құрамы мен техникалық күйіне мемлекеттік қадағалауды қамтамасыз ету бойынша заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілер. 2. Жылжымайтын мүлікті есепке алу, техникалық түгендеу мен тіркеу және олармен мәміле бойынша әдістемелік және нұсқаулық материалдар. 3. Белгіленген құжаттаманы әзірлеу, жүргізу мен сақтау тәртібінің құрлыстық нормалары және ережелері. 4. Менеджменттің негізгі заңдары мен заңдылықтары, олардың талаптары, ұйым менеджментінде оларды көрсету және пайдалану нысандары. 5. Менеджмент тиімділігінің мәні мен мазмұны, ұйымның басқару қызметінің тиімділігімен оның өзара байланысы, жобалардың тиімділігін бағалаудың негізгі тәсілдері. 6. Ұйымда басқару, оның еңбегінің сипаты мен мазмұны жөніндегі менеджмент негізі. Жеке құзыреттерге талаптар Проблемаларды тиімді шешу Логикалық қабілеттері Талдамалық қабілеттері Салалық біліктілік шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы 2141 2141 Құрылысты қадағалау жөніндегі инженер Техникалық қадағалау жөніндегі инженер Кәсіби стандарттың техникалық деректері Әзірленді «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы 1 нұсқа, 2014 жыл Болжамды қайта қарастыру күні 2017 жыл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10263 болып енгізілді.